Достық 52/2,
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат
Тел. +7 (727) 250 20 44
GOLDEN COMPASS

2026 жылғы 26–29 қазан аралығында Golden Compass компаниясының бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Асхат Исабаев Volvo техникасына арналған қосалқы бөлшектерді шығаратын әлемдегі ірі өндірушілердің бірі – Sadid Otomotiv A.Ş. (SRP) компаниясының қызметімен танысу мақсатында Түркияның Ыстанбұл қаласына жұмыс сапарымен барды.


Сапар барысында Асхат Исабаев кәсіпорынның өндірістік және қоймалық қуаттарымен, өнім ассортиментімен, сапаны бақылау жүйесімен және логистикалық процестерді ұйымдастыру тәртібімен танысты.

Әсіресе зауыттық стандарттарға сәйкес тораптар мен агрегаттарды қалпына келтіруге маманданған Reman бағытына ерекше назар аударылды.


Асхат Исабаев сапардың тәжірибелік маңызын атап өтіп, халықаралық тәжірибемен тікелей өндіріс орнында танысудың құндылығына тоқталды.


«Бұл сапар танымдық тұрғыдан өте пайдалы болды. Әсіресе өндірістік процестерді ішінен көру, тораптар мен агрегаттарды қалпына келтірудің заманауи технологияларымен және сапаны бақылау жүйесімен танысу маңызды тәжірибе болды. Мұндай мүмкіндік кәсіби білімді кеңейтіп, ірі халықаралық кәсіпорындардың жұмыс жүйесін тереңірек түсінуге көмектеседі», – деп бөлісті Асхат Исабаев.


Жұмыс сапары өндірісті ұйымдастыру мен қосалқы бөлшектерді қалпына келтіру бойынша шетелдік тәжірибені зерделеуге, заманауи технологиялық шешімдермен танысуға және іскерлік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.


Golden Compass халықаралық ынтымақтастықты дамытуды жалғастырып, кәсіби тәжірибе алмасуға, озық өндірістік тәжірибелерді зерделеуге және шетелдік компаниялармен іскерлік байланыстарды кеңейтуге ерекше мән береді.