Достық 52/2,
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат
Тел. +7 (727) 250 20 44
GOLDEN COMPASS

Golden Compass компаниясы Қазақстандағы құрылыс және жол-құрылыс техникасының әлемдік жетекші өндірушілерінің ресми дилері әрі сервистік серіктесі болып табылатын Ferronordic компаниясының Ашық есік күніне қатысты.


Іс-шара барысында Ferronordic өз клиенттері мен серіктестеріне заманауи техникалардың үлгілерін таныстырды. Олардың қатарында Volvo экскаваторлары, Ammann асфальт катоктары мен асфальт төсегіштері бар. Қатысушылар сондай-ақ сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктерімен, түпнұсқа қосалқы бөлшектер ассортиментімен және компания ұсынатын кешенді шешімдермен танысты.


Ferronordic компаниясының Қазақстандағы негізгі клиенттерінің бірі – алтын өндіруші Golden Compass компаниясы. Теңіз деңгейінен 2500 метрден астам биіктікте орналасқан өндірістік алаңда Volvo техникасы, атап айтқанда Volvo A45G топсалы самосвалдары мен Volvo EC480DL экскаваторлары табысты пайдаланылып келеді. Техниканың сенімділігі мен жоғары өнімділігі күрделі таулы жағдайларда өндірістік міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді.


Ашық есік күні тәжірибе алмасуға, саланың өзекті мәселелерін талқылауға және серіктестік байланыстарды нығайтуға арналған тиімді алаңға айналды. Golden Compass мамандары үшін бұл шара жаңа технологиялық шешімдермен, сервистік қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерімен және алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерімен танысуға жол ашты.


Ferronordic - 2010 жылы құрылған құрылыс техникасының халықаралық дилері және сервистік қызметтер жеткізушісі. Компанияның бас кеңсесі Стокгольм қаласында орналасқан. Бүгінде Ferronordic компаниясының Қазақстан, АҚШ және Германия елдеріндегі 40-тан астам сервистік орталықтарында 800-ден астам қызметкер еңбек етеді.