Жаңа жыл қарсаңында «Golden Compass Capital» АҚ компаниясы дәстүр бойынша «Үміт» мамандандырылған балалар үйінің балаларын құттықтады.
«Бүгін бізде Жаңа Жылды өткізуге лайық балалар үшін мереке болды. Балаларды мерекемен құттықтап, денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Олардың өмірінде әрқашан олардың басының үстінде күн жарқырап тұрсын деген тілек болсын», - деді «Golden Compass Capital» АҚ өкілі Мадина Петрова.
«Компания үшін жаңа жыл мерекесі қарсаңында және Халықаралық балаларды қорғау күнінде балаларға сыйлықтармен келу дәстүрге айналды. Біз жыл сайын осы мерекенің бір бөлігі болғанымызға және қуаныш атмосферасын құруға көмектескенімізге қуаныштымыз. Жаңа жыл - бұл балалар асыға күтетін сиқыр уақыты. Балалар концерт ұйымдастырып, өлең оқып, ән айтып, би биледі», - дейді «Golden Compass Capital» АҚ өкілі Мадина Петрова.
Балалар үйі жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ әртүрлі психикалық және физикалық ерекшеліктері бар балаларға көмек көрсетеді. Балалар үйінде туғаннан бастап 5 жасқа дейінгі балаларды үйлесімді тәрбиелеу және жан-жақты дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүгінде «Үміт»-те 42 бала бар.
Биылғы жылы Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне атаулы сыйлық қораптары, оқу ойыншықтары, тәттілер, басқару пульті бар машиналар, ән салатын қуыршақтар, памперстер мен жаялықтар, ойынға арналған кілемшелер, сондай-ақ балалар тамағы табыс етілді.
«Үміт» балалар үйінің директоры Гүлмира Құлмағамбетова өз алғысын білдіріп, компания өкілдеріне жыл сайын назар аударып, балаларға бей-жай қарамай, туындаған барлық мәселелер бойынша көмек көрсететіндеріне алғысын білдірді . Іс-шара барысында балалардың қанағаттанған жүздеріне шынайы күлімсіреу болды - деп бөлісті ол.