Телефон +7 (727) 250 20 44
Достык 52/2, Гостиница Казахстан, 10-й этаж.

АТАМЕКЕН ҰКП: ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БАРЛАУ ЖҰМЫСЫН ЫНТАЛАНДЫРУ САЛАНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫН АРТТЫРАДЫ

15.12.2023 г.
Алматыда «Тау-Кен Қазақстан» тау-кен металлургия кешеніндегі шағын және орта кәсіпкерлік қауымдастығының жыл сайынғы жиналысы өтті.

Жиында «Атамекен» ҚКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов қауымдастықтың атқарып жатқан жұмысын атап өтті. Қауымдастықтың  жер қойнауын және геологиялық барлауға экономиканың басым саласы мәртебесін беру туралы бастамасы геологиялық барлау жұмыстарына тиімді ынталандыру шараларын таратуға, геологиялық ақпаратқа және мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарына қолжетімділікті ашуға, әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік беретінін айтты. Осының бәрі саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Қауымдастықтың басқарма төрағасы Айбар Даутов қауымдастықтың 2023 жылы атқарған қызметінің қорытындысын және жаңа Салық кодексіне өзгерістер бойынша ағымдағы ахуал, сондай-ақ қауымдастықтың келесі 2024 жылға жоспары туралы айтып берді.

Сондай-ақ, жиынға «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасының кеңесшісі, «Тау-Кен Қазақстан» ТМК-дағы ШОБ қауымдастығының директорлар кеңесінің төрағасы Жандос Әбішев қатысты.

«Тау-Кен Қазақстан» ТМК-дағы ШОБ қауымдастығы еліміздің тау-кен және металлургия салаларында маңызды орын алатын және өндіру, өндіріс, өнеркәсіпте және басқа да қызмет салаларында маңызды рөл атқаратын жетекші орта және шағын компанияларды біріктіреді.

https://atameken.kz/kk/news/51052

Поделиться новостью в:
050060, Республика Казахстан, г. Алматы, пр. Достык 52/2, 
Гостиница Казахстан, 10-й этаж.
Тел. +7(272) 250 20 44
e-mail office@goldencompass.kz