Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Golden Compass Capital» АҚ компаниясының басшылық құрамымен кездесу өткізді.
«Golden Compass Capital» компаниясы Т.Рысқұлов ауданындағы Көкқия кен орнында алтын өндірумен және өңдеумен айналысады. Жыл сайын мұнда 300-400 келі алтын өндіріледі, сонымен бірге көрші жер телімдерінде барлау жұмыстары жалғасуда.
«Golden Compass"» компаниялар тобының басшысы Айбар Даутов өндірісті кеңейту жоспарын ұсынды. Компания 800 келіге дейін алтын өндіруді, Әулие кен көрінісінде барлауды үш жыл ішінде аяқтауды, құрамында алтын бар кен өңдеу зауытын салуды жоспарлап отыр.
Кездесулер барысында экологиялық заңнаманы сақтау, қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жергілікті тұрғындарды жұмысқа орналастыру, кәсіпорындар үшін мамандар даярлау мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда, Әулиені қайта өңдеу өндірісінде инфрақұрылым қажет. Атап айтқанда, электр қуатымен және ауыл аралық жолмен қамтамасыз ету қажет. Аталған мәселелер өңір басшысымен кездесуді көтерілді.
Облыс әкімі жалпы күш-жігерді жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті халықты тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін инвестициялық жобаларды іске асыруға бағыттау қажеттігін атап өтті.