26.10.2023 г.
ҰКП Атамекен: Орта бизнеске ірі бизнес болуға көмек көрсетіледі
Ұлттық палатада ҚР Тау-кен металлургия кешенінде орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша кеңес өтті.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов орта бизнеске ірі кәсіпорынға айналуға көмектесуге бағдар қойылғанын атап өтті.
«Қазіргі кезде ҚР Ұлттық экономика министрлігі орта бизнестің ірі бизнеске айналуына қалай көмектесуге болатыны туралы тұжырымдама әзірлеп жатыр. Қазақстанда орта бизнесте 3 мыңға жуық кәсіпорын бар екенін ескерсек, Ұлттық палата осы бағытта ілгерілейтін кәсіпорындарды анықтау үшін KPI әзірлейтін болады», – деді Тимур Жаркенов.
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының кеңесшісі Жандос Әбішев ТМК секторында табысты жұмыс істеп тұрған жұмыс Сompass, Керуен және Ерсай сияқты кәсіпорындармен жүргізілетінін атап өтті.
Жандос Әбішев ТМК саласындағы табысты «Golden Compass» орта кәсіпорнын таныстырды. Бұл компания Индустриялаудың бірыңғай картасына енгізілген жобаны іске асырып жатыр.
Golden Compass Capital – орта кәсіпкерліктің субъекті. Жұмысшылардың орташа саны – 245 адам, орташа пайда (3 жылда) – 8,8 млрд теңге.
Golden Compass – Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов және Мерке аудандарында жұмыс істейтін юниор компания. «Көкқия» алтын кен орнын ашушы. Бұл кеннің бастапқы қоры 6,6 тонна алтын (Au) болған. Жыл сайын алтынды өндіру көлемі 300-400 кг ал құрайды сонымен қатар қазіргі уақытта көршілес учаскелерде барлау жалғасып жатыр. Қосымша минералдану анықталды және 2-ші кен орнының балансына қою күтілуде, болжамды мерзімдер – шамамен 2024-2025 жж.
Юниор компаниялар – ірі компанияларға қарағада анағұрлым мобильді шағын және орта компаниялар. Олар тәуекелді капиталды тарта алады. Көптеген юниор компания геологиялық барлаумен бұрын жүргізілмеген аумақтарды қамтуды қамтамасыз етеді.
Кейінгі онжылдықта батыс елдеріндегі барлық пайдалы қазбаның 63%-ы юниор компаниялар жасағанын атап өткен жөн. Канадада алтынды барлауға салынған жалпы инвестициялардың шамамен 2/3 бөлігі юниор компанияларға тиесілі.
Golden Compass компаниясында Мемлекет басшысының 01.09.23 жылғы «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізу үшін ұсыныстары бар. Бұл ТМК-да шағын кәсіпкерлік субъектілерін ірілендіруді ынталандыратын заңнаманы өзгерту жөніндегі ұсыныстар (Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 56-тармағы). Олардың ішінде:
1. Пайдалы қазбалары өндіру салығы – ТМК-дағы ШОБ-қа пайдалы қазбаларды өндіру салығының мөлшерлемесіне төмен коэффициентін қолдану.
2. Түсімнің 1% мөлшерінде ҒЗТКЖ-ға міндетті аударымдар – ТМА-дағы ШОБ-қа геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруға жіберуге рұқсат ету.
3. Қатты пайдалы қазбаларды өндіретін жер қойнауын пайдаланушыларды ДАМУ шағын және орта бизнесті қолдау қоры арқылы мемлекеттік қаржыландыру жүйесіне қатысуға рұқсат беру.
4. ТМК жобаларының көп капиталды қажет ететінін ескеріп, ТМК (юниоркомпаниялар) саласы үшін шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызу критерийлерін ұлғайту. Талқылау үшін – әлемдік тәжірибеде жылдық сату көлемі 100 млн доллар/50 млрд теңгеге дейінгі ТМК саласының компаниялары орта кәсіпорындарға жатады.
5. Орта бизнес субъектілерін 3 жылда 1 рет тексерумен шектелу.
Сонымен қатар өндірісті кеңейту бойынша жоспар бар. Атап айтқанда:
Бес жыл ішінде Au өндірісін 800 келіге дейін өндірісін еселеу: Әулие кен көрінісінде барлауды аяқтау – 3 жыл.
Қайта өңдеу бойынша зауыт салу – қосымша 2 жыл.
Өндірілетін металдан номенклатурасын кеңейту (қосымша мыс Cu пен күміс Ag).
Бұдан басқа, өндірісті кеңейтуге бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары анықталды (57-тармағы):
1. Әулиенің кен көрінісінде жер учаскесін беру. Қазіргі уақытта орман қорының жерлері, ҚР Үкіметінің қаулысы талап етіледі.
2. Инфрақұрылыммен қамтамасыз ету – электр және автомобиль жолы, Әулиеге қайта өңдеу өндірістері.
3. Даму және ҚДБ қаржы институттары арқылы юниорлар тартатын ТМК қаржыландыру бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау механизмін енгізу.
Осылайша «Атамекен» ҰКП, Ұлттық экономика министрлігі және орта бизнес кәсіпорындары бірлесіп, орта бизнеске ірі бизнеске айналуға көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыратын болады.