Достық 52/2,
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат
Тел. +7 (727) 250 20 44
GOLDEN COMPASS

"Golden Compass Company" АҚ компаниясы "Nur Otan" партиясының Төрағасы, еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының белсенді қатысқаны үшін, сондай-ақ "Nur Otan"партиясының жеңісіне қосқан зор үлесі үшін Алғыс хат алды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында нұротандықтардың ел азаматтарымен бірлесіп қол жеткізген бұл жеңісі халықтың бірлігі мен мемлекетіміздің тұрақты дамуы үшін ерекше маңызға ие. Болашақта компания "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларын іске асыруда табандылық танытатынына сенімдімін. Сізге зор денсаулық пен амандық тілеймін", - делінген Алғыс хатта.

Өз кезегінде, "Golden Compass Company" АҚ компаниясы алдағы уақытта да қоғамдық, саяси және әлеуметтік мәселелерге белсенді қатысып, мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істейтін болады.