Достық 52/2,
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат
Тел. +7 (727) 250 20 44
GOLDEN COMPASS

"Golden Compass Capital" компаниясы Рысқұлов ауданы Тұрар Абай ауылының ақсақалдары үшін Түркістан қаласының қасиетті жерлеріне тур ұйымдастырды. 50-ден астам адам жаңартылған Түркістанды көріп, бай тарихпен таныса алды.

Бүгінгі таңда Орталық Азияның ең көне қалаларының бірі Түркістан өңірлік туризмнің ірі орталығына айналып, табысты дамып келеді. Қазір мемлекет қала экономикасына белсенді түрде инвестиция салып, туристер үшін тартымды орынға айналуда. Мысалы, осы жылдың сәуір айында Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі "Керуен-сарай"туристік кешені ашылды. Бұл 20,5 га аумақта орналасқан үлкен кешен.

Қонақтар Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне, Арыстан бабқа, Үкаш Ата мешітіне және "қасиетті құдық"орнына барды. Сонымен қатар Отырар қаласының археологиялық қазбаларымен танысты.

Ауыл ақсақалдары "Golden Compass Capital" компаниясының басшылығына ұйымдастырылған сапары мен бос уақыты үшін алғыс білдіреді.

Тур барысында ұйымдастырушылар барлық санитарлық нормаларды сақтағанын қосамыз.