16.12.2020 г.
Жамбыл облысының басшылығы Құрмет грамотасын тапсырды
Жамбыл облысының әкімдігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шарада пандемия кезінде қолдау көрсеткен кәсіпкерлердің үлесін атап өтті.
Кеңес төрағасы "Golden Compass Capital" АҚ директоры Құрбан Зәкіржанұлы Изалов мырзаға облыс дәрігерлеріне көрсеткен қайырымдылық көмегі, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік осал тұрғындарына материалдық көмек көрсеткені үшін Құрмет грамотасы табыс етілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың қазан айында Golden Compass Capital компаниясы өкпені жасанды желдету аппараты арқылы Меркі және Т.Рысқұлов аудандарының орталық аудандық клиникалық ауруханасына жалпы құны 24 млн. теңгені беріп, қайырымдылық көмек көрсетті.
2019 жылдың мамыр айында компания 7 баласы бар жалғызбасты аналарға үй сыйлады.