Достық 52/2,
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат
Тел. +7 (727) 250 20 44
GOLDEN COMPASS

"Golden Compass" компаниясы Т. Рысқұлов ауданында жаңа мешіт салу үшін 5 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.


"Қасиетті Құлан" қоғамдық қоры Есбергенов Ербол Жантақбайұлының басшылығымен әлеуметтік жобаны іске асыруда қолдау көрсету үшін компанияға жүгінді.

"Мешіт Т.Рысқұлов ауданының мұсылмандары дұғалар мен діни рәсімдерге жиналатын кеңістікке айналады. Назар аударғаныңыз және көмектесуге дайын болғаныңыз үшін рахмет. Біз бірге мұсылман қауымы үшін орталық бола алатын, сондай - ақ оның рухани және мәдени дамуына ықпал ететін орын құра аламыз", - деді "Қасиетті Құлан"ҚҚ директоры.


Айта кетейік, алтын өндірумен айналысатын "Golden Compass" ЖШС қайырымдылықпен үнемі айналысады. Мәселен, пандемия кезінде компания Т.Рысқұлов пен Меркі аудандарының орталық ауруханаларына жалпы құны 24 миллион теңгені құрайтын жасанды демалыс аппараттарын (ӨЖЖ) тапсырды.