Golden Compass компаниясы көп балалы отбасына материалдық көмек көрсетті.
Қарағайлы ауылдық округінен келген Мәмешовтар отбасы компаниядан үй салу үшін құрылыс және әрлеу материалдарын сатып алуға 1,8 миллион теңге көлемінде ақшалай қаражат алды. 6 бала тәрбиелеп отырған бұл көпбалалы отбасы екінші жыл бойы өз үйін аяқтай алмайды.
Отбасы басшысы Жамбыл Шаймерденұлы жұмыссыз, бірақ әкімдіктің қоғамдық жұмыстарына тартылады. Жұбайы үй шаруасындағы әйел, ал балалары Кәмелетке толмаған.