«Golden Compass Capital» АҚ және «Golden Compass Jambyl» ЖШС 2025 жылдың қорытындысы бойынша салықтық міндеттемелерін адал әрі уақтылы орындағаны үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ресми деректерге сәйкес, «Golden Compass Jambyl» ЖШС-нің мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 1 551 225 965,78 теңгені, ал «Golden Compass Capital» АҚ-ның аударымдары 577 498 260,27 теңгені құрады. Жалпы салықтық түсімдер көлемі 2 миллиард теңгеден асты.
Мемлекеттік кірістер комитеті компаниялардың елдің тұрақты дамуына және негізгі әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Алғыс хатта:
«Сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз бен бизнесті ашық жүргізу қағидаттары Қазақстан Республикасының өркендеуінің және әрбір азаматтың өмір сапасын арттырудың берік негізі болып табылады. Елдің тұрақты дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздің жауапкершілігіңіздің арқасында мемлекет маңызды әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етіп отыр», – делінген.
Компаниялар басшылығы ашықтық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына адалдығын атап өтіп, алдағы уақытта да ел экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жұмысты жалғастыратынын жеткізді.