Телефон +7 (727) 250 20 44
Достық 52/2, Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат.



27.12.2021 г.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерейтойлық медалі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін "Golden Compass Jambyl" ЖШС директоры Изалов Құрбан Закиржанұлы "Халық алғысы" медалімен марапатталды
"Бұл Қазақстанның ең маңызды мерекесі. 30 жыл ішінде біздің еліміз барлық халықтардың өркендеуі мен бірлігінің символына айналған тәуелсіз, демократиялық, қарқынды дамып келе жатқан, зайырлы және құқықтық мемлекет мәртебесіне ие болды", - дейді Құрбан Изалов.
"Golden Compass Jambyl" ЖШС ұжымы Құрбан Зәкіржанұлын марапаттарымен құттықтап, кәсіби қызметінде зор табыс тілейді!
Айта кетейік, 2011 жылы Рысқұлов ауданында құрылған "Golden Compass Jambyl" ЖШС бағалы металды өнеркәсіптік өндірумен айналысады. Компания экономиканың дамуына үлкен үлес қосуда, оның геологиялық барлау жұмыстары аудан аумағында "Көкқия"алтын кен орнын тапты. Қызметкерлердің 70% – дан астамы жергілікті, олардың барлығы Меркі және Рысқұлов аудандарының тұрғындары.

Жаңалықпен бөлісу:
050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы 52/2, 
Қазақстан қонақ үйі, 10-қабат.
Тел. +7(272) 250 20 44
e-mail office@goldencompass.kz